Сынып: 8 «А» Мерзімі: 18.01.2017 ж
Сабақтың тақырыбы: «МАТЕМАТИКА АЛҒЫРЛАРЫ»
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың математика пәніне қызығушылығын арттыру, жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту. Білімді дарынды озық болуға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: сайыс сабақ
Көрнекіліктер: кеспе парақтар, ғалыдар суреті, компьютер, презентация, т.б.
Сайыс барысы:
І. Таныстыру;
ІІ. “Кім тапқыр?»;
ІІІ. «Бәрі бір әріптен»;
ІV. «Даналар дәрісі»;
V. «Тапқыр болсаң тауып көр»;
VІ. Математикалық мақал-мәтелдер «Тіл өнер»;
VІІ. Жұмбақтағы математика;
VІІІ. «Формуланы білесің бе?»;
ІХ. Анаграмма:
Х. Марапаттау.
Мұғалім сөзі: - Құрметті оқушылар, Ұстаздар! Бүгінгі сайысымызды Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен бастайын: “Білімді, интеллектуалды адамдарсыз, озық ғылымсыз Қазақстанның перспективасы жоқ. Қазір адамдардың бәсекелестігі, білімнің бәсекелестігі, ғылымның бәсекелестігі жүруде. Бұған дайындалу қажет.” Осы сайыста көрсеткен білімдерің күнделікті жақсы оқығандарың - өздеріңнің болашаққа алғашқы қадамдарың болып табылады деген ойдамын.
Ғылымдардың патшасы атанған,
Евклид, Фалес, Пифагордан бата алған
Төзбейтін өтірікке жалғандыққа
Ақыл ойды тәртіпке келтіретін
Нағыз пән ғой математика, – дей келе, «МАТЕМАТИКА АЛҒЫРЛАРЫ» сайысын бастауға рұқсат етіңіздер.
Командаларды ортаға шақырайық.
1 топ - _______________________
2 топ -_______________________
Ойын-толқын, жатқандай асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып.
Сайыс бар ма қазыларсыз, ағасыз,
Оның әрбір сөзіне нанарсыз.
Ел сенімін ақтай білер төрдегі,
Ұстаздардан әділдікті табарсыз, – дей отырып, төрдегі әділқазы алқасымен таныстырып өтейін:
1. _______________________________________________
2. _______________________________________________
3. _______________________________________________
І. «Таныстыру» сайысы. Сайысымыздың алғашқы кезеңі – Таныстыру. Бұл сайыста топтар өздерінің сәлемдесуін, топ атауын, ұранын айтады және эмблемаларымен таныстырады. 4 ұпаймен бағаланады.
І топ «______________» тобы.
Ұраны:
Сәлемдесуі: Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,
Көрсетеміз бізде қандай күш барын.
Алға қойған мақсатымыз бір екен.
Сәтті болсын сапарымыз әрдайым.
ІІ топ. «_________» тобы.
Ұраны:
Сәлемдесуі: Қиындықтан сірәда біз қашпаймыз,
Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз.
Қияларға самғап ұшқан құстаймыз,
Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз.
ІІ. «БӘЙГЕ» сайсы.
Қарап тұрмай бәйгеге кеп еніңіз,
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз,
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар,
Бәйге, бәйге, бәйгені бір көріңіз, - Бұл кезең бойынша сайыскерлерге 10 сұрақ қойылады. Қай топ бірінші белгі берсе, сол топ жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай.
СҰРАҚТАР :
1. 9 + 9 * 9 – 9 : 9 = ? (89)
2. 80 санының 25%-і неге тең? (20)
3. Аулада жүрген бұзаулар мен тауықтардың аяқтарының саны –он. Аулада неше тауық, неше бұзау болуы мүмкін? (1 тауық, 2 бұзау)
4. Жанар мен Анар-апалы-сіңілі. Жанар 2 інісі бар екенін айтты. «Менің де екі інім бар,» -деді Анар. Бұл үйдің неше баласы бар? (4 баласы бар.)
5. Қарға 3 секундта 15 метр қашықтыққа ұшады. 7 секундта қанша жерге ұшады? (35)
6. 8 жарым таяқтың неше ұшы бар? (18)
7. 20 метр матаны 10 бөлікке 2 м-ден бөлу үшін , неше рет кесу керек? (9)
8. Әкесі мен ұлы ағашты 12 рет кесті. Қанша бөрене шықты? (13)
9. Алма ағашында 10 алма, ал үйеңкі ағашында одан 2 алма аз өсіп тұр. Үйеңкі ағашында неше алма өсіп тұр? (Үйеңкіде алма өспейді)
10. Алма ағашта 8 бұтақ, әр бұтақта 5 бұтақша, әр бұтақшада 5 алма бар. Алма ағашта барлығы неше алма бар? (200)
11. Квадрат қабырғасы 9 см. Периметрі нешеге тең? (36 см)
12. Трапецияның қабырғалары 10 см және 8 см. Орта сызығы нешеге
тең? (9 см)
13. Қабырғасы 6 см және 8 см тіктөртбұрыштың ауданы нешеге тең?
(48 см2)
ІІІ. «Бәрі бір әріптен» сайысы.
1. Ортаға әр топтың топ басшысы шығады да жеребе тасталады. Жеребеден жеңген топбасшы математикалық термин жаза бастайды немесе айтады. Айтылған немесе жазылған терминнің соңғы әрпінен келесі топтың басшысы келесі сөздің бас әрпі болатындай математикалық терминдер айтады. Топтан көмек сұрауға мүмкіндік берілед. Ең көп термин жазған команда- 20 ұпай.
2. Командаларға «Т», «К» әрпінен басталатын математикалық терминдер жазады. Ең көп термин жазған команда - 20 ұпай.
3. Әріптер айтылады, сол әріптен басталатын математикалық терминдер айтылады.
А – абцисса Б - бұрыш
Д – диаметр С – симметрия
Г – градус Ж – жазықтық
К – координата М – модуль
Н – нақты сандар П – периметр
Р- рационал сандар Т-тригонометрия
Ф-функция Х-хорда
Ш-шар Ц-центрлік симметрия. Ең көп термин жазған команда- 20 ұпай.
ІV. «Даналар дәрісі» сайысы.
Оймен кәне көк теңізін кешіңдер.
Жарқ-жұрқ еткен неше түрлі есімдер.
Айтылғанда математикалық есептер,
Зейін салып зердеменен шешіңдер. – дей келе келесі сайысымыз «Даналар дәрісі» сайысының шартымен таныстырып өтейін. Сайыс алаңында математика ғылымына еңбегі сіңген ғалымдар мен ойшылдардың нақыл сөздері мен даналық дәістері жасырылған шарлар жатыр. Шарларды таңдап ала отырып, оларды жарып ішінде жасырылған кеспе парақтағы нақыл сөз кімнің сөзі екенін айту керек. Әрбір дұрыс жауап 50 ұпай мен бағаланады.
1. Математика - ғылымдар патшасы, ал арифметика - математика патшасы.
(К. Гаусс)
2. Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін - математика, сондықтан да оны оқу керек.
(М. В. Ломоносов)
3. Ең алғаш координаттар жүйесін енгізген математик
(Р. Декарт)
4. Тұнғыш қазақ геологы, Қазақ ССР ҒА-ның кеңестік шығыстан шыққан бірінші академигі.қазақ тіліндегі тұнғыш алгебра оқулығының авторы. ( Қ.Сатпаев)
5. Аристотель еңбегін зерттеген, «Шығыс Аристотелі немесе екінші ұстаз» атанған 870-950ж. ж. өмір сүрген ғалым. ( әл-Фараби)
6. “Математиканың өз тілі бар – ол формула“ (Софья Ковалевская)
V. «Тапқыр болсаң тауып көр» сайысы. Бұл сайыста логикамызды іске қосып шапшаң әрі дұрыс, нақты жауап береміз. Әрбір дұрыс жауап үшін 5 ұпай беріледі.
1. 5 жыл бұрын ағасы мен қарындасы бірге 8 жаста болды. Тағы 5 жылдан кейін олар қанша жаста болады? (18)
2. Ағасы 12 жасқа толғанда қарындасы неше жаста болады, егер ағасы қазір 8-де, ал қарындасы 3 жас кіші болса? ( 9)
3. Әйел адам сыныптағы балалардың біреуіне: «Мен сенің анаңмын , бірақ сен маған ұлым емессің »-дейді. Ол не дегені? (қызымсың дегені)
4. Бір азаматтың әкесі Николай Петрович, ал оның ұлы – Алексей Владимирович. Ол азаматтың аты-жөні кім? (Владимир Николаевич)
5. Мотоцикл жүргізушісі ауылға келе жатқанда жолдан өзіне қарсы үш жеңіл машина және бір камазды кездестірді. Ауылға неше машина бара жатыр? (Бір ғана мотоцикл)
6. Арман черновикте есеп шығарып, оны дәптерге көшірді. Бірақ жақшаларды қалай қойғанын ұмытты. Оның есінде қалғаны мынау 6*8+20:4-2=40. Арманға ақшаларды қоюға көмектесіңіз. 6*(8+20):4-2=40)
7. Тәрелкедегі 7 бауырсақтан 7 балаға бір-бірден және тарелкеде бір бауырсақ қалатындай етіп қалай бөліп беруге болады? (бір бала тарелкесімен алады)
8. Ұшақ А қаласынан В қаласына дейін 1 сағат 20 минут ұшады да, сол жолмен қайтарда 80 минут ұшты. Себебін түсіндір. (1 сағат 20 минут = 80 минут)
9. Төрт дос бала мейрамханаға жиі барып әрқашан бір үстелге отырады. Жалғастың әрқашан бір орынға отыра беретіні белгілі болса, достар неше түрлі тәсілмен үстелге отыра алады? (3)
10. Бөрененің ұзындығы 150 см. Оның 1/3 бөлігін кесіп алып тастады. Қалған бөлігінің ұзындығы қанша? (100 см)
VІ. Математикалық мақал-мәтелдер «Тіл өнер» сайысы.
«Ана тілің - арың бұл
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте» - дей келе сайысымыздың келесі туры «Тіл өнер» бөлімін бастаймыз. Бұл бөлім бойынша сайыскерлерімізге жұмбақ немесе мақал-әтелдерден сөз жасырылады. Жауабын үш тілде аудару керек. Жауабын дұрыс тауып үш тілде аударса, 30 ұпай, екі тілдегі аудармаға 20 ұпай, еш аудармасы жоқ болса, 10 ұпайға ие боласыңдар.
1. ...- жылда ел жаңа
2. Ағайын – алтау, Ана - .....
3. Батыр бір өледі, Қорқақ .... өледі
4. Қызға ..... үйден тыйым
5. Айдағаным .... ешкі, Ысқырығы жер жарар
6. Екі елі ауызға, ... елі қақпақ
7. Ат баспаймын деген жерін, ..... басады
8. Бір тал кессең, .... тал ек.
VІІ. Жұмбақтағы математика сайсы. Жұмбақтар жауабы дұырыс болған жағдайда 5 ұпаймен бағаланады.
1. Күшіне сенген бір мықты Жығып салып сегізді. (Шексіздік)
2. Бірдей санды бірнеше рет,
Көбейтуден тұрады.
Егер оны ықшамдасаң,
Қандай атау болады? (Дәреже)
3. Егіз туған қос жүйрік,
Жарыса шауып терлейді.
Бірін-бірі көрмейді
Дамылсыз қанша шапсада,
Бір мәреге келмейді. (Параллель түзулер)
4. Айналған шешу құралына,
Төрт саны араласқан құрамына.
«Теңдеудің түбірлері нешеу?» – деген
Қандай сан жауап береді сұрағыма. (Дискриминант)
5. Оң сандарға қол шатырдай,
Қалпақ болған беделі
Квадраттасаң егер оны,
Жоғалтасын сен оны (Квадрат түбір)
VІІІ. «Формуланы білесің бе?»
Кездесті қандай формула
Айтып жібер ойланып тез.
Формула қандай болды кез.
Мына формулалар бойынша нені табуға болатынын айту керек. Әрбір дұрыс жауап 10 ұпай.
S=a*b (тіктөртбұрыштың ауданы)
S=υ*t (жолдың ұзындығы)
P=4a ( квадраттың периметрі)
D= b2-4ac (квадрат теңдеудің дискриминантын).
ІХ. Анаграмма сайсы. Математикалық термин атауының әріптерінің орны ауысып кеткен. Дұрыс математикалық терминді тауып жаз немесе айт. Әрбір дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады.
ЯРМЕТИГЕО – ГЕОМЕТРИЯ,
МАРОГЛЕЛАЛРАПМ – ПАРАЛЛЕЛОГРАММ,
ДАКВТРА – КВАДРАТ,
ЯЦЕТИПРА – ТРАПЕЦИЯ,
УТЕДЕҢ - ТЕҢДЕУ
Х. Марапаттау. Әділқазыларға сөз беріледі.
Осымен «Математика алғырлары» атты сайысымыз аяқталды. Келесі кездескенше, сау-саламат болыңыздар! Рахмет!