«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Өрнек ауылының бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2024 жылдың 11-сәуірінде «Бастауыш сыныпта оқытудың белсенді әдістері» атты аудандық практикум семинары өткізілді.Семинарға таңдаулы мектеп ордаларынан бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.
Семинардың басты мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларына оқытудың белсенді әдіс-тәсілдерін пайдалану арқылы сапалы білімге қол жеткізу. Семинар бағдарламаға сай жоспарланып жүргізілді.
Ащербаканова Роза Турлыбековна 4-сыныпқа әдебиеттік оқу пәнінен ашық сабақ өткізді. Сабақтың тақырыбы: «Жердің жүрегін тыңдайық» ашық сабақ жақсы ұйымдастырылып,түрлі әдіс-тәсілдермен өткізілді.
Нурдуллаева Жанна Нурлановна 3-сыныпқа математика пәнінен ашық сабақ өткізді. Сабақтың тақырыбы: «Жазбаша көбейту мен бөлу алгоритмін қолдану». Ашық сабаққа келген қонақтар өздерінің ойларын айтып,іс-тәжірибелерімен,ұсыныстарын айтты.
Шара барысында шағын орталық тәрбиешісі Сагындыкова Айгерим Сериковна «Көңілді күй» атты психологиялық тренинг ұйымдастырды.Өткізілген тренинг көңіл- күйлерін көтеріп, өз бойларындағы шығармашылық қабілеттерін бағалай білуді және ұйымшылдықпен іске асты.
Жоспарға сәйкес Ащербаканова Роза Турлыбековна келген ұстаздармен коучинг сабақ өткізді.Коучинг сабақтың тақырыбы: «Бастауыш сыныпта инновациялық технологияларды тиімді қолданудың әдіс-тәсілдері» Мақсаты:Оқыту барысында жаңа технологиялық әдістерді пайдалану арқылы шәкірттердің сын тұрғысынан ойлана білу қабілетін дамыту,шығармашылыққа үйрету және функционалдық сауаттылығын арттыру.Мұғалімдер сабақ барысында әр түрлі әдіс-тәсілдер мен жасанды интеллекті арқылы білім беру процесін жаңартып,әр оқушының жеке қажеттіліктеріне жауап беретін тиімді оқу тәжірибесін жасау көзделді.
Өрнек ауылының бастауыш мектебінің 2-4 сынып оқушыларының орындауында «Өнерлі бала- өрге жүзер» шағын концерт ұйымдастырылды. Оқушылар ән айтып,би билеп,өлеңдер оқып,өз өнерлерін көрсетті.
Семинарымыздың қорытындысында «Ізгілік ағашы» атты кері байланыс жасалды.Аудандық білім бөлімінің әдіскері Садуахасова Н. қорытынды сөз сөйлеп,өз тәжірибесімен бөліскен педагогтерге сертификат пен алғыс хат марапаттады.
https://www.instagram.com/reel/DHNi2Zbto4C/?igsh=aGswbm53M3h0MG9t