Күні: 28.03.2025
Уақыты: 11:00
Өткізу форматы: Онлайн (платформа:Zoom)
Тақырыбы: «Виртуалды тақтасының мұғалім жұмысындағы мүмкіндіктері»
Ұйымдастырушы: «Петровка ауылының ЖОББМ» КММ
Қатысушылар:
«Жамбыл ауылының ЖОББМ» КММ
«Өрнек ауылының БМ» КММ
«Шілікті ауылының НОМ» КММ
Күн тәртібі:
1. Кездесуді ашу
«Петровка ауылының ЖОББМ» КММ директоры З.Т. Ищанова қатысушыларды тақырыппен және кездесу мақсатымен таныстырды
2. Баяндамалар мен таныстырылымдар
«Виртуалды тақтасының мұғалім жұмысындағы мүмкіндіктері» тақырыбында – Спикер Смаилова Айнур Хазимуратовна баяндады.
Виртуалды білім беру - таным процесін жетілдірудің тиімді құралы. Қазіргі интернет-ресурстарда мектепте инновациялық білім беруді дамытудың әртүрлі құралдарын табуға болады.
Виртуалды тақта (онлайн тақта) - бұл әр оқушыға өз жұмысын тақтаға орналастыруға, ал мұғалімге әрқайсысына түсініктеме беруге және бағалауға мүмкіндік беретін қызмет. Сондай-ақ, мұғалімнің оқу - әдістемелік, бақылау-өлшеу және басқа материалдарды орналастыру үшін тақтаны пайдалануы мүмкін. Осылайша, кез-келген материалды тақтаға электронды түрде орналастыруға болады.
«Орта білім беруде виртуалды оқытудың тиімділігі» тақырыбында – Нурдуллаев Ерлан Габиббулаевич баяндады.
«Виртуалды білім беру» терминінің мағынасын ақпараттық технологиялардың көмегімен қашықтықтан оқыту деп қана түсінетін көзқарасты өзгертіп, «виртуалды білім беру» терминін кең мағынада виртуалды білім беру кеңістігінде білім беру субъектілері мен объектілерінің әрекеттесуі нәтижесінде өтетін өндіріс деп қарастыруымыз қажет. Білім беру кеңістігінде виртуалды орта құрып, виртуалды оқытуға жағдай жасау білім беруді виртуализациялау болып табылады. Қазіргі таңда білім беру саласын виртуализациялау өздігінен оқу, күндізгі, сырттай оқу түрлерінде жҥргізілуде және мультимедиа, телекоммуникациялық жүйелердің қарқынды дамуында, әлеуметтік желілерде көрініс табуда
«Цифрлық құралдарды сабақта пайдалану тәжірибесі» тақырыбында - Ильдебаева Еңлік Рахимжанқызы баяндады.
Narakeet Бұл бағдарлама мәтіндерді дыбысқа айналдыруға арналған. Мектепте оқушыларға ақпаратты аудио түрінде ұсыну үшін қолдануға өте ыңғайлы.
Joyteka – оқу процесін қызықты әрі интерактивті ететін құрал. Бұл бағдарламаның көмегімен оқушыларға тапсырмалар беру, сонымен қатар оларды ойын түрінде орындауға мүмкіндік жасауға болады.
Parker – презентациялар және оқу материалдарын дайындау үшін қолданылады. Бұл бағдарлама арқылы мұғалімдер презентациялар, диаграммалар және интерактивті тапсырмалар жасауға болады.
AR Studio бағдарламасы арқылы оқу барысында 3D модельдерді және қосымша шындықты (Augmented Reality) қолдануға болады.
Цифрлық құралдарды қолдану сабақ барысында оқушылардың қызығушылығын арттырып, оқу материалдарын меңгеруін жеңілдетеді. Әсіресе, бұл құралдар оқу процесін интерактивті және ыңғайлы етеді, сондай-ақ оқушылардың танымдық қабілеттерін дамытуға көмектеседі. Еңлік Рахимжанқызының қорғауындағы тәжірибе сабақта цифрлық құралдарды дұрыс және тиімді пайдаланудың үлгісін көрсетті.
Талқыланған сұрақтар:
Қабылданған шешімдер: