Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Петровка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Петровка отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Кәсіптік бейімделу

«Петровка орта мектебі» ММ Кәсіптік бағдар беруге байланысты жүргізілген іс – шаралар туралы мәлімет. Мамандық таңдау бұл адам өміріндегі маңызды, қиын және жауапты қадам. Оқушыларға кәсіби бағдар беру және болашақ мамандығын анықтап алуға ықпал жасау- мектеп алдында тұрған міндеттердің бірі. Сондықтан, мектепте 9-11 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру жұмыстары әр түрлі шараларда кеңінен жоспарланады. Кәсіптік бағдар бойынша ақпарат алу, тестпен жұмыс істеу үшін Sabak.kz, Test1.test.kz, Google.kz, , enbek.kz т.б. сайттарымен жұмыстар жүргізілуде. Кәсіптік бағдар беру барысында «Мамандық таңдау», «Мамандық таңдау – маңызды іс», «Білім беру - 2020», «Техникалық мамандықты таңда!», «Ұлттық кәсіпкерлер палатасы», «Баршаға тегін кәсіптік-техникалық білім беру» бейнероликтері және «Кәсіптік мамандықтар сыр шертеді», «Мамандықтар әлемінде», «Мамандығым - мақтанышым», «Кім болам?», «Мамандықтың бәрі жақсы», «Мамандықты дұрыс таңдау – болашақты таңдау» тақырыптарында әртүрлі формада сыныптан тыс шаралармен қатар, Астрахан ауданы Жастар саясаты мәселелері басқармасы «Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы» және аудандық халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері, қалалық жоғары оқу, колледж өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылып отырады. Сондай-ақ, барлық сынып жетекшілері оқу кабинеттерінде кәсіптік бағдар беру бұрыштарын жасаған. Мамандық таңдау бұл адам өміріндегі маңызды, қиын және жауапты қадам. Мектеп оқушыларының мамандық таңдауда дұрыс бағыт алу мәселесі мектептің психологиялық қызмет аясында жүргізілетін аса жауапты да маңызды жұмыстарының бірі. Мектеп жасындағы жасөспірімдерге өзінің болашағын таңдауға келгенде көп ықпал ететін ата-ана, ұстазбен қатар мектеп психологтары да өз үлестерін тигізеді. 2019 - 2020 оқу жылында «Еңбек күні» мерекесі атап өтілді. 24.09. – 26.09 күндер аралығында мектепішілік «Бақыттың кілті еңбекте» атты көрме, 9 сынып білім алушылары «Еңбек, қоғам, бірлік» атты ашық ой – пікір алаңы өткізілді. Бейінді оқытудың аймағындағы мәселелерді есепке ала отырып, 9 сынып оқушылары арасында психологиялық зерттеулер жүргізілді: бейінді оқытудың бағытын анықтау үшін «Қандай оқу бағытың таңдайсың?»,«Сенің кәсіби ой-ниетің», «Табаңдылықты зерттеу»тақырыбында сауалнама жүргізілді. Сауалнаманың нәтижелері сынып жетекшілер мен ата – аналарға таныстырылып, кеңес берілді. Кәсіптік бағдар беру жұмыстары әрі қарай жалғастырылсын. Сынып жетекшілері түрлі мамандық иелерімен кездесулер және өз мамандықтары туралы «Түлектер сабағын» өткізуді ұйымдастырсын, ЖОО мен кәсіптік колледждерге «Ашық есік» күніне оқушыларды қатыстырсын деген ұсыныс білдіреміз. 13 наурыз 2020 жылы мектебімізге Астрахан ауданы №6 Агратехникалық колледж өкілдері келіп 9-10 сынып оқушылары арасында аталмыш оқу орнын насихаттап оқушылармен ашық әңгіме жүргізді. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Толағайқызы А.
Жаңартылған күні: 21.05.2020 15:11
Құрылған күні: 21.05.2020 15:22

Текст