Тақырыбы: 13 жас – алғашқымүшел
Мақсаты:Мүшелтуралықызықтыпікірлерменбалалардытаныстыру.Мүшелдеқандай сыр бар, олқандайсөзденшыққанынатүсінік беру.Балалардыңалғашқымүшелжасынасипаттама беру. Олардыңата - аналарынсыйлауға, мейрімділікке, қайрымдылыққа, әдептілікке, сыйластыққа, достарынсыйлауғатәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі:Нақылсөздер, шарлар, тақырып.
Сабақтың эпиграфы:«Бала болсаң, болғандай бол,
Ағайынғақорғандай бол!»
Барысы:
І. Ұйымдастыру.
Сабақтыңтақырыбы мен мақсатынтаныстыру.
ІІ. Негізгі бөлім:
Мұғалім:Ата - анағакөзқуаныш
Алдынаалғанеркесі.
Көкірегінекөпқуаныш
Гүлденіп ой өлкесі, деп Абай атамызата - ана мен перзентарасындағыбайланыстытамашажариялаған.«Адамның бір қызығы бала деген!» - деп қазақ халқы шыр шертіп дүниеге келгеннен бастап балаға арнап өткізетін жиын - тойы қаншама.
Қандай бала тойларын білеміз?
Бүгініміз қандай той?
Ол жайында бар ма ой?
Жігіт болды баланың
Құрбан шалып, малды сой, - деп, Ата - бабаларымыздан қалған асыл мұралар өте көп. Солардың қатарында ұлттық мерекелер мен тойлар да бар. Осы тойлардың ішінде ерекше аталатын той - туған күн. Ата - бабаларымыз біз сияқты туған күнді жылма -жыл тойлай бермей, тек мүшел тойларын атап өткен. Мүшел, мүшел жас - қазақ халқының адам жасын есептеу үлгісі. Яғни қоғамдағы орны мен мәртебесін белгілеуді білдіреді.Мүшелден мүшелге өту аралығындағы жаста адамға қауіп - қатер жуық болады, тән мен жанның өзгеріске ұшырайтын тоқырау кезі, белесі деп саналады. 12 жыл уақыт мүшел деп саналады.Олай болса оқушыларымызды өткен туған күндерімен құттықтап, бүгінгі сабағымыздың эпиграфы ретінде Нұржан шешеннің мына бір ұлағатты сөзін айтуға рұқсат етіңіздер,
«Бала болсаң, болғандай бол,
Ағайынға қорғандай бол!».
Мүшел жасты анықтағанда бір ерекшелікті есте ұстаған жөн. Бала 13 жасқа толғана бір мүшел деп қайырады да, кейінгілерге 12 жылды қосып отырады. Сонда бір мүшел - 13 жас, екі мүшел – 25, үш мүшел – 37, төрт мүшел – 49, бес мүшел – 61, алты мүшел – 73, жеті мүшел – 85, сегіз мүшел – 97 деп қайырып, адам жасын оңай шығарады.
(көрермендерден, ата-аналар мен қатысушы ұстаздардан сұрау)
1 - мүшел 13 жас - сәбилік шақ
2 - мүшел 25 ер жету
3- мүшел 37 жігіттік
4- мүшел 49 орта жас
5 - мүшел 61 ақсақал
6 - мүшел 73 қарттық
7 - мүшел 85 кәрілік
8 - мүшел 97 қалжырау
Мұғалім:13 жас – жақсы мен жамандықты, ар мен намысты, дос пен жолдасты айыра білетін кезең. Қазақ халқы жас жеткіншектердің тәрбиесіне көп көңіл бөлген, олардың бойына мейрімділік, қайрымдылық, әдептілік, сыпайылық сияқты жақсы қасиеттерді сіңіре білген. Міне осындай қасиет сендердің бойларыңнан да табылса деймін.
25 жас – жігіттіктің алғашқы сатысы. Ол кезде ер жігіт бусанып, дене құрылысы өсіп, жетіліп, күші тасып тұратын кез.
37 жас - адам өміріндегі ең басты мүшел Бұл мүшелде адам жігітшіліктен мосқалдау кезеңге өтіп, ақыл тоқтатып, дүниеге қызыға да, қызғана да қарайтын кез.
49 жас – бұл адамның даналыққа аяқ басатын кезеңі. Бұл мүшелде кейбіреуі немере сүйсе де, кәрілікке мойын бұрмай, «маған кәрілік келмесе екен, әлі де болса қартаймай ойнап - күліп қалайыншы» дейтін кезеңі.
61 жас - адамның даналығы артып, өзінен туған балаға сын көзбен қарап, басқан ізін аңдып, жаман - жақсысын ажыратып, өзі де тәрбиеге келетін кезеңі.
73 жас – бұл кәріліктің мойынға мініп, аяғын тұсап, отырса тұруы, тұрса отыруы мұң, жатса ұйқы жоқ, адамның діңкесі құрып, «айхай, жас кезім - ай» деп көкірегі қарс айырыла күрсініп, дөңбекшіп барып ұйықтайтын кез.
85 жас – бұл мүшелде адамның айдай басы қатып, өзінен кейінгілерімен бала құсап ұрсып, жеген тамағын жеген жоқпын деп, өкпелегіш болатын кез. Сол үшін де ел арасында «күлсең кәріге күл», бұл жасқа жеткен де бар, жетпеген де бар деседі.
Ал жыл қайыруда ата-бабаларымыз әрбір жылға мынадай анықтама берген.
(окушылар шығып айтады)
1. Тышқан жылы-тыңғылықтың жыл басы
2. Сиыр жылы-саналықтың жалғасы
З. Барыс жылы-береке-ырыс тасқыны
4. Қоян жылы-қажыр-қайрат қарқыны
5. Ұлу жылы-Ұйымшылдық үлгісі
6. Жылан жылы-жаңашылдық белгісі
7. Жылқы жылы-жақсылықтың жеңісі
8. Қой жылы- қуат, қарымды еңбек жемісі
9. Мешін жылы-молшылықтың мәресі
10. Тауық жылы-тоқшылықтың төресі
11.Ит жылы-игерілген жұмыстар
12 .Доңыз жылы-дәулет, сәулет, құрылыстар
«Тамаша» әнінің әуенімен ән айтады.
Тамаша бүгінгі күн біздер үшін
Аталып отыр міне бір мүшелім
Тамаша осы тойда ақ көңілден
Достардың ақтарылса ақ тілегі
Тамаша мектептің біз алды болсақ
Бауындай тонның ішкі тату болсақ
Тамаша болар еді сыныптастар,
Әрқашан сыныбымыз бірге болса.
Тамаша бүгінгі күн, мүшел тойым
Балалық шақтан өтіп өскен ойым
Тамаша осы тойда ақ ниетпен
Ақтарса келген жиын жиға ойын
Тамаша ақылға ақыл қоса берсек
Біліммен биіктерге ұша берсек
Тамаша жақсылықпен ата - ананы
Қуантып, Адам атын иеленсек.
Көңіл аудар даналардың сөзіне.
Адал жанды өнеге тұт өзіңе.Дегендей ұлы адамдар өміріне бір сәт көз жүгіртейік.
ü Ұлытау өңірінен шыққан Қоңырбай батыр ұрпағы Ағыбай батыр есе біле бастағанынан патша үкіметтің бейбіт жатқан қазақ ауылдарына аяусыз жәбір көрсеткенін көрген Ағыбай батыр 13 жасында елін қорғауға атқа қонды.
ü 13 жасында ұлы Абай атамыз ақындығымен, ақылдығымен елге таныла бастайды.
ü Ж. Аймауытов алғашқы өлеңін 13 жасында жазған.
ü Қазақтың тұңғыш ғарышкері Т. Әубәкіров 13 жасында өзінің болашақ мамандығын таңдап алдына мақсат етіп қойған.
ü Исатай мен Махамбет бастаған топ Жәңгір ханның әскерін тас талқан етіп жеңді. Осы кезде Исатайдың Жақия деген батыр баласы да қатысты. Сол күнде Жақия 14 жаста еді.
ü Мен сіздерге ата - бабамыздан жалғасып келе жатқан аңыз – әңгіменің бірін айтып берейін.
«Абылай хан бірде қалмақ ханы Қонтайшыға елші жіберіп, соларға атқосшы етіп 13 – 14 жасар Қазыбектің аттандырады. Қазақ елшілерін қабылдаған қалмақ ханы оларға сөзден дес бермей қояды. Қазақ елшілері тығырыққа тіреліп тұрғанда, есік жақта атқосшы бала Қазыбек орнынан атып тұрып, Қонтайшыға;
Бірақ қазақ деген мал баққан елміз,
Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.
Елімізден құт - береке қашпасын деп,
Жеріміздің шетін жау баспасын деп,
Найзаға үкі таққан елміз.
Ешбір дұшпанды басынбаған елміз.
... Асқақтаған хан болса, хан ордасын таптай білген елміз,- деп әйгілі қаз дауысты Қазыбек би бабалардың сендердей кезінде алмастай өткір сөзбен төпелей келіп, қалмақ ханын састырып, дұшпанын қазақтың алдына жығып беріпті»
Мен бұл аңызды айтқаным сіздер осы Қазыбек би аталарымыздай сөзге шешен, батыл ел басқаратын азамат болыңдар.
Мұғалім: енді кезекте сіздердің ұлттық салт - дәстүрді қаншалықты меңгергендеріңді, өздеріңнің қызығушылықтарың мен таланттарыңды, білімдерің мен шапшаңдықтарыңды, 12-13 жылдық өмірден түйгендеріңді ортаға салып көр сынайтын сәтте келіп жетті. Бүгінгі 22 наурыз «Ұлыстың ұлі күнінде» өткізіп отырған «13 жас – мүшел жас» тақырыбындағы қыз-жігіттердің сайысын бастайық.
Сайыс барысы:
І. Таныстыру;
ІІ. Салт-дәстүрден сұрақтар;
ІІІ. Өз өнері (би, ән, сән көрсету)
ІV.Мың бір мақал- жүз бір жұмбақ;
V. Қол өнері (үйге тапсырма).
VI. Марапаттау
VI. Марапаттау
Мүшел тойдың өзіне тән рәсімдері бар.
Ең негізгі рәсімнің бірі ұл балаға қамшы ұстатып, қыз балаға шолпы тағу.
Ал, ұлдар! «Болар бала он үшінде баспын дейді, болмас жігіт жиырма бесте жаспын дейді» - халық даналығы. Бүгін 13 жасқа толып ат жалын тартып отау иесі болатын жасқа келдіңдер. Алғашқы мүшелігің құтты болсын. Мынау қамшы. Бұл ел билігіне орналасатын уақыттың келгенінің белгісі. Қамшы би-шешендерден қалған. Қамшы керегеде ілініп тұрса, отауыңды жын-шайтан мазаламайды. Ал ұлдар, қамшыларыңа берік болыңдар!
Қыздар, мына шашбауды саған арнап зергелерге күмістен соқтырып, дайындатып едік. Қыз бала 13-ке толғанда бұрымына шашбау байлаған. Шашбауы бар қыз балалық, еркелікпен қоштасып, ойы мен бойын түзеп кербез жүруіне жол ашады. Шашбау сенің әрбір жүрісіңді бақылап отырады. Шолпының тұнық сыңғыры нәзіктігіңмен үйлесіп тұрады, қарғам. Қызға 40 үйден тыюдың бірі осы.Алғашқы мүшелің құтты болсын!
Қорытынды:Мүшел тойда орындалатын рәсімдердің бірі - ақтық байлау.
Мүшелге аман-есен жеттім, енді аман-есен өтейін деген ниетпен өзіне, ата-анасына, білім ордасына тілек тілеп ленталар байланау керек.
(әр оқушы бір ауыз тілек айтып, ленталар байлайды).
барлық оқушы:
Сарыарқаның самалындай есеміз,
Тайсалмаймыз, талай сынды кешеміз.
Бізді өсіріп, еркелеткен туған ел
Мақтан етер перзентің боп өсеміз!
Мұғалім: - Балалардың мушеліне құтты болсын айтып, ақ жол төсейік.(ақ төселеді)
Ақ ниетпен, ақ жүректен, күмістей жарқырап, адал болсын деп, ақ жол тілейік.