Текст
Математика-Жаратылыстану апталығы болып өтті
10-17 сәуір аралығында Математика-Жаратылыстану апталығы болып өтті. Апталықта ашық сабақтар, интеллектуалды ойындар, сайыс сабақтар мен суреттерден көрмелер өткізілді. Апталықта жауапты әдістемелік бірлестіктің төрайымы Ищанова Марйта Рамазановна болды. Сабақтар Химия, биология және География пәндерінен өткізіліп апталықтың ашылуы мен жабылуында көріністер мен сахналық ойындар көрсетілді.