Тақырыбы: «Сөз шеберлері» сайысы
Мақсаты: оқушылардың білімдерін пысықтау,шешендік өнерге баулу сөздік қорларын молайту,ойын еркін жеткізуге дағдыландыру.Шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Көрнекілігі: слайд, суреттер,шарлар,нақыл сөздер.
Кіріспе сөз: Бүгінгі тіл апталығына жоспарланған сынып сағатына қош келдіңіздер!
Сайысымызға екі топ қатысады.
Ердің құнын екі ауыз сөзбен бітіретін де,жауласқан елдердің арасын келісімге келтіретін де,жылағанды жұбатып,күлгенді жылататын да осы тіл.
Ал енді осы топтардың қайсысы оза шабатының,қайсысы бәйгеге жететінің көрейік.
Ендеше кезеңдерге назар аударайық№
І- «Сәлем -сөздің атасы». Сәлемдесу
ІІ- «Мықты болсаң тауып көр»Тұрақты сөз тіркестерін тауып,мағынасын ашасыңдар.
Құлын,ат,тай,жылқы. (танба баскандай) анық
Жылкы,кой,түйе,сиыр (аузынан шөп алмас) момын
Сүйек,қаңқа,ит,қасқыр (терісін басына қаптау) ұрысу
Ит,төбет,күшік,қасқыр (өлген жер) алыс
Көмекей,өңеш тамақ, (созды)
өңешін созды-ұрысу
Тас,су жер,ет (бауыр) мейірімсіз,қатыгез адам
Көз,сөз,қол,аяқ (ілмеді) ұйықтамады
ІІІ- «Жүйрік болсаң,шауып көр»
Сендерге жұмбақтар жасырылады , сол жұмбақтың шешуін тауып жауабына байланысты мақал-мәтел құрау қажет.
1. Оқтан жүйрік,қылыштан өткір. (Сөз)
2 Тіріден өлі туады, өліден тірі туады.(Жұмыртқа)
3. Кішкентай ғана тоңы бар, айналдырып киген тоңы бар.(Қой)
4.Сары атым аунаған жерге шөп шықпас. (От)
ІY. “Ата мұрат-асыл қазынаң». Салт-дәстүр әдет-ғұрыпқа байланысты тапсырма. Әр топ екі номірден таңдайсыңдар.
№ 1 «Байгазы» -салт -дәсүрін түсіңдіріңіз? Байғазы Жаңа киімге балаларға,жастарға беріледі.
№2 «Қырқынан шығару»-ғұрып салтының мағынасын түсіңдіріңіз?
Балаға туғаннан бері қырық күн толғанда баланы суға шомылдырып, шашын алып,тырнағын алады.Ұл баланы 37-38 күн толғанда шығара береді, ал қызды 40-41 күнде шығарады.
№3 «Ереулік»-салтының мағынасын түсіңдіріңіз? Ауыл ортасына жаңа үй көшіп келсе, қоныстанса сол ауылдың бұрынғы адамдары жаңа үйге «Ереулік деп ас пісіріп тамақ тартады.
№4 «Көрімдік» -дегеніміз не?
Көрімдік жаңа туған балаға,жас келінге,құдасына,күйеуге беред.
Маңызы-алып-беруде ғана емес, жақын-жуықтардың адамгершілігін, ниетін, ашық қолдығын танытудың белгісі ретінде қаралады.
Y. Мақал-мәтелдер бойынша сурет салу.
І-топ. Туған жердің жері де көрікті, елі де көрікті
ІІ-топ. Бақа көлінде патша ,
жігіт елінде патша
Қорытынды: Осымен бүгінгі сыныптан тыс тәрбие сағатымыз аяқталды . «Сөз шеберлері» атауына қай топ сай екен,әділқазыларға сөз береміз. Барлықтарына қатысқандарын үшін коп рахмет!