Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Петровка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Петровка отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

30.03.2017

Тақырыбы: Армысың, әз Наурыз!

Мақсаты:

1.Қазақ халқының ежелден сақталып, атадан балаға мұра етіп қалдырған салт-дәстүрін, наурыз мейрамының мәнін түсіндіру, әрі дамыту және көркейту.

2.Оқушылардың ойлауын дамыта отыра, ой қиялын, өрісін, іздену негіздерін дамыту.

3.Оқушыларды ұлтжандылыққа, имандылыққа, инабаттылыққа, халқымыздың салт-дәстүрін қастерлеуге, сақтауға тәрбие

Мұғалім сөзі:

Құрметті ұстаздар, ата-аналар мен оқушылар, қонақтар! Бүгінгі «Армысың, Әз Наурыз! Деп аталатын тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Сіздерді 22-наурыз көктемнің Армысың,Әз Наурыз» мерекесімен құттықтаймын:Келген қадамдарыңыз құтты болсын! Жүздеріңізге нұр,құшақтарыңызға гүл тілейміз.

Той деп бүгін көңіл шіркін тасиды,

Той деп бүгін халқым шашу шашады

Ата-аналық-үлкен сын,

Бала өсіру-ұлы өнер

Жақсылардың артынан

Жарқын ұлмен қыз өсер-демекші «Армысың,Әз Наурыз! Атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

-Тәрбие сағатымызды бастамас бұрын әділ қазыларды таныстырып өтейік.

1.

2.

3.

Той бастаңдар, балалар той бастаңдар

Той бастаған балалар ,көп жасаңдар,

Бүгінгі күн сенбі,той қылыпсыз.

Құтты болсын деп бастаңдар!!!

1-жүргізуші:

Уа, жарандар, жарандар,

Бәрің бері қараңдар!

Наурыз думан басталды,

Бір сәт зейін салайық.

Ұштасқан оймен мәңгілік

Біздерде бар сан ғұрып,

Ғасырлардан ғасырға

Келе жатқан жаңғырып.

Бермен жақын тұрыңдар,

Сөзіме көңіл бұрыңдар.

Жауқазындай наурыздың

Жарапазан жыры бар.

  2-жүргізуші: Ассалаумағалейкум, ағайын!

Ұлыс оң болсын!

Ақ мол болсын!  

1-жүргізуші: Ұлыс күні кәрі-жас

Құшақтасып көріскен.

Жаңа ағытқан қозыдай

Жамырасып өріскен.

Ұлыс күні қар еріп,

Сай-салалар гүрілдер.

Көк шөбі шығып желкілдеп,

Дүние біткен күлімдер.  

2-жүргізуші:

Наурыз тойын жұп жазбай

Қошеметпен қарсы алайық.

Досқа құшақ ашайық

. Өлең-жырға басайық.

Қазақтың бір салты деп

Тойға шашу шашайық.

1-жүргізуші: Қадірлі ағайын, біз бүгінгі мерекелік кешімізді сайыс түрінде өткізуді жөн көріп отырмыз. Алдарыңызда үш ауыл салтанат құрып отыр. Бүгін осы үш ауыл мынадай сайыстар бойынша сынға түседі:

І. Ұлттық киім

ІІ. Өз өнерін көрсету

ІІІ. Ұлттық ойын

ІV. Наурызғабайланыстысұрақтарғажауап беру.

5қара жорға биі әр сыныптан екі оқушыдан.

6.»Ас адамның арқауы « Ұлттық тағамдар.

  2-жүргізуші: Ауылдарымызға

«Бәйшешек»,

«Наурызша»,

«Қызғалдақ»,

  1-жүргізуші:  Уа, ағайын!

«Наурызым – бабамның сөзі,

Наурызым – анамның сөзі,

Ғасырдан ғасырға жеткен

Даламның сөзі» демекші,

тойды бастамас бұрын үш биімізден бата сұрап алайық:

Төле би рөлінде:

Сұрасаң бата берейін,

Үстем болсын мерейің!

Ықыласпен қол жайсаң,

Ақ тілекті төгейін.

Дастарханың мол болсын,

Абыройың зор болсын!

Қазыбек би рөлінде:

Өрендерің ер болсын,

Көре алмаған бағыңды,

Сындыра алмаған сағыңды

Бетін басып жер болсын!

Әйтеке би рөлінде:

Жарылқа, Алла, қабыл ет,

Жарылқаудың қамын ет!

Ізет, абырой, бақ-дәулет,

Қызыр қарап бақ қонып,

Жақсылық үшін қызмет ет!

  2-жүргізуші: Баталарыңыз қабыл болсын дейміз

Ал онда ортаға күн мен түн шақырайық

  1-жүргізуші: Ал балалар наурызда күн мен түн теңеледі.Олай болса ортаға күн мен түнді шақырайық.

Көрініс. (Күн мен түн ортаға шығады)

Күн: Сәулесі мол күнмін.

Түн: Жұлдызы көп түнмін.

Екеуі: Бірдей болып біздер

Теңелеміз бүгін.

Түн: Ал ертең күн ұзақ,

Күн: Түн қысқарар бірақ.

Екеуі: Ұйқы қанбай қалып

Жүрмеңдер тек жылап.

 

1-жүргізуші: Тойлабүгін, тауларым мен боздалам,

Тойлабүгін, қарттарым мен бозбалам.

ҚайтаоралғаннамысымдайНаурызым,

Жаңажылбопқошкеліпсің, Наурызым!  -дей отыра ортаға

1-сайыс.Ұлттық киім.(әр топ өз киім үлгілерін көрсету)

2-жүргізуші: Бауырласқан тәнтіміз,

Бұзылмаған салтымыз.

Өзге ұлттай біздің де

Бар дәстүрменен салтымыз

2сайысымыз: өз өнерлерін көрсету.Ойынның шарты әр бір сынып

Өз өнерлерін көрсетеді(наурызға байланысты)

3сайысымыз:Ұлттық ойын.»Арқан тартыс»Ойының шарты:қыз балалар мен ұл балалар ата-аналарымен ортаға шығып,арқан тартысады.

1-жүргізуші: 4сайысымыз. Сұрақ-жауап:Енді ортаға әрбір ауылдың басшыларын шақырайық. Олар Наурыз мерекесіне қатысты сұрақтарға жауап береді.

1.Жыл басында алғаш жауған қар қалай аталады? (Ақша қар)

2.Жыл басының алғашқы күні? (Ұлыс күні)

3. Жыл басының алғашқы желі? (Алтын күрек)

4..Жыл басының алғашқы төлі? (Дүбір аяқ)

5.Жыл басының алғашқы сүті?(Уыз)

6Жыл басының алғашқы көгі? (Бәйшешек)

7.Жыл басының алғашқы асы (Наурыз көже)

8.Жыл басының алғашқы белгісі (Көрісу)

9Жыл басының алғашқы сый тамағы (Ұйқыашар

10) Жігіттердің қыздарға беретін сыйы (Селтеткізер)

11.Наурыз айында ұшып келетін көктем құсы (Наурызек)

12.Наурыз айында өсетін жапырақты, қауашақты түрлі гүл (Наурыз шешек)

5сайысымыз.»Ас адамның арқауы»-дей келе ата-аналар өз қолөнерімен жасаған ұлттық тағамдар көрсете отырып,қалай жасалғанын түсіндіру:

1-жүргізуші:  Шыға келді сыланып сылаң келер,

Қияңдағы қиылды қыранға ерлер.

Қызғалдақты кешіп жүр қыр астында

Мың бұрала жүгірген бұраң белдер.  

Келесі кезеңде ауылдар белгілі би қара жорғаға берсек

2-жүргізуші: Наурыз тойы салтымыз,

Аман болсын халқы,мыз

Көңілдері жадырапүрсін аман қартымыз.

1.бала.Айтамыз жарапазан отбасына,

Тілейміз денсаулықты бас – басыңа.

Тілесек денсаулықты бас – басыңа,

Амандық келер әр күн отбасыңа.

Айтамыз жарапазан ауылыңа,

Арман:

Айтамыз жарапазан еліңізге,

Байлаңыз жақсы орамал белімізге.

Байласаң жақсы орамал белімізге,

Кетеміз мақтай - мақтай елімізге.

Айтқанмен жарапазан тоямыз ба?

Дәстүрін халқымыздың қоямыз ба?

Дәстүрін халқымыздың біз ұмытсақ,

Дүниеде екі бірдей оңамыз ба?

Қыдыр ата:(Қонысбек) Жарайсыңдар балаларым, өнерлерің өрге жүзсін.

Ата: Қыдыр атадан бата сұрайық

Қыдыр атаның батасы

Азамат боп ержетіңдер,

Ақылды болып ержетіңдер

Азамат болыңдар көрікті,

Ғұмырың болсын берікті

Азамат болыңдар ардақты

Мінездерің болсын салмақты

Өнерлі болыңдар жан – жақты

Осы айтқанның бәрі қабыл болып

1-жүргізуші.

Жарқырасын Петровкадай жеріміз!

Асып-тасысын байлығымыз, кеніміз

Ел сүйсініп дәулетіне елімнің,

Малға толып жатсын барқыт беліміз!

2-жүргізуші:

Тойла бүгін тауларым мен боз далам,

Тойла бүгін қарттарым мен бозбалам.

Мереке боп келген бүгін Наурызым!

Береке бол ешқашанда тозбаған!

Осымен дайындаған шағын мерекелік концертіміз аяқталды. Келесі Наурызда аман сау кездесуімізге алла нәсіп етсін. Хош сау болыңыздар!

Просмотров: 751

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст