Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Петровка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Петровка отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

30.03.2017

Мақсаты:Ата-анамен мектеп арасындағы байланысты нығайту;халқымыздың ізгі қасиеттері имандылық, инабаттылық,іскерлік дағдыларын бойына сіңіру.Отбасындағы ананың орнын ,анаға деген құрметті ұғындыру.

Барысы:

1-жүргізуші: Армысың әжелерім,аналарым,

Мейірбан аппақ көңіл даналарым.

Гүл көктемінің алғашқы мейрамымен,

Құттықтайды сіздерді балаларың.

Мерекелеріңіз құтты болсын!

2-жүргізуші: Құрметті аналар,ұстаздар, кішкене бүлдіршіндер!

Көктем айының ең алғашқы айы аналарымыздың салтанатты мерекесімен басталады.Қар астынан бәйшешек бой көтергенде көктемнің алғашқы хабаршысындай болып Аналар мерекесі келеді.Бәйшешек соншалықты нәзіктігіне қарамастан,қалың қардың астынан бүршік атады.Біздің асыл аналарымызда қанша нәзік болса да барлық қиындық атаулыға төзімді.Аналар,

Қыздар! Көктемгі күндей жарқырап,гүлдей құлпырған мерекелеріңіз құтты болсын!

1-жүргізуші: Құрметті қонақтар, бүгінгі 1 сынып қыз балалары арасында өткізі-

летін «Көктем аруы» атты байқауға қош келдіңіздер!

Ендеше аруларымызды ортаға шақырайық.

1-қыз:

Бүгін сұлу бүлдіршін,

Шын қуанып,шын күлсін.

Жеңімпазы байқаудың

Гүлназ болар кім білсін:

2-қыз

Қазақтың қызы ғой ол елін сүйген,

Бойына әдептілік нәрін түйген

Анасын әрқашан да сыйлап өтер,

Әсел қыз ата-ананың қызыл гүлі...

3-қыз

Шығады мың бұралып Диляра биші,

Өнерді Диляра сүйген бәрін сүйші.

«Анаға қарап –қыз өсер» деген сөзді,

Ойыңа әрқашанда түйіп жүрші

4-қыз

Қуантады білімімен Томирис қыз,

Қол соғып оны бүгін қарсы аламыз

Білімің серік болсын талабыңа,

Бүгінгі қабыл болып тілегіміз.

5-қыз

Мерекеңіз құтты болсын халайық,

Бүгінгі күн шырқап, әнге салайық.

Қошеметтеп, қолды соғып көрермен,

Аяулымды құрметтеп қарсы алайық

6-қыз

Алдамасын үміттер,

Жойылсын тек күдіктер.

Қарсы алайық ағайын,

Ортада тағы бір үміткер

Жұмабек Диана

7-қыз:

Бәйшешек гүл көктемде бүр жарады,

Көктем келіп, қыс үнсіз кетіп барады.

Бұл сайыста өз өнерін ортаға

Адиямыз аямай-ақ салады.

(Қыздар шығып ортаға келіп тұрады)

2-жүргізуші:

Қайсысы әнші,кім биші,

Талабына қарайық.

Кімдер зерек,кім жылдам,

Таланттарын табайық

Өнер сүйер қауым бүгінгі байқауымыз 5 турдан тұрады.

1. «Сәлем сөздің анасы» (өзін-өзі таныстыру)

2. «Өнерлі өрге жүзер» (Өз өнерін көрсету)

3. «Жүйрік болсаң тауып көр» (сұрақ-жауап)

4. «Сұлулықтың сыры» (Сән үлгісі)

1-жүргізуші: Байқауға төрелік ететін әділқазылар алқасымен таныс болайық.

Мектептің ТІЖО - Толағайқызы Айнұр

Мектептің ОІЖО – Ботакөз Кәрімқызы

Бастауыш сынып бірлестігінің жетекшісі: Жанат Айтуарқызы

2-жүргізуші: «Өзін-өзі таныстыру»

Әдеппенен ,ізетпенен,танысуға,тайсалмастан сахнаға қыздар шықты.Олай болса,өзін-өзі таныстыру сайысын бастаймыз.

(қыздар өздерін таныстырып болған соң,әділқазылар баға береді)

(егер үлгермесе 1с ұлд. Тақпақтарын жіберу)

2-жүргізуші: «Өнерлі өрге жүзер» сайысы.

Шалқытып мерекеде ән салайық!

Өнерпаз қыздарымызға тамсанайық!

Өнердің аспанына асқақтасын,

Күміс көмей әнші,биші қыздарымызды қарсы алайық.

«Өнерлі өрге жүзер» бөлімі бойынша қыздар өз өнерлерін ортаға салады.

1-жүргізуші: Ал сайыскерлер сұраққа қалайсыңдар, қазіргі заманғы ару заман талабына сай өте білімді,терең ойлы болуы керек.Сондықтан байқауымыздың келесі бөлімі «Жүйрік болсаң тауып көр» деп аталады.

1-ші сайыскерге сұрақ:

1.Кел,балалар, оқылық.....өлеңін жалғастыру,өлеңнің авторын атау.

2.Бір аптада неше күн бар?

2-ші сайыскерге сұрақ:

1. 1 жылда қанша ай бар?

2. Қазақтың ұлттық кейіпкерлері?

3-ші сайыскерге сұрақ:

1. Қазақстан республикасының президенті кім?

2. Сары жапырақ, жаңбырлы күн, жеміс-жидек пісетін жылдың қай мезгілі?

4-ші сайыскерге сұрақ:

1. Қыс,жаз,күз,көктемді бір сөзбен қалай айтуға болады?

2. Сақ патшайымы кім?

5-ші сайыскерге сұрақ:

1. Кесе,табақ,шәйнек,қазанды бір сөзбен қалай атауға болады?

2. Аспан әлемін зерттейтін ғылым?

6-ші сайыскерге сұрақ:

1. Қызанақ, картоп,қияр жеміс пе әлде көкөніс пе?

2.Кемпірқосақта неше түс бар?

7-ші сайыскерге сұрақ:

1. Қазақ тілінде неше дауысты дыбыс бар?

2. 15 санының ондығы мен бірлігін ата?

1 сынып ұлдарының тақпақтары:

2 сынып оқушыларының тақпақтары:

Риза.

Мерейлі сәт мерекеге ұласып,

Сегізінші наурыз келді қыр асып.

Қыз-келіншек, нәзік жандар мейрамы-

Көктемнің шапағатын тұр шашып.

Зухрат:

Құттықтаймыз аналарды, қыздарды,

Мерекеден шуақты бір із қалды.

Болсын әркез көтеріңкі көңілдер,

Нұрын шашсын мерекеге өңірлер!

Альбина:

Асыл ана! Түсімде көрем сені,

Бұрынғыдай емессің неге еңселі?

Мен білсем, саған деген сағыныштың,

Осынау жұмыр жерде жоқ өлшемі.

Тербеп сол сағыныштың күшті ырғағы,

Елжіреп елесіңді құштым тағы.

Хат байлап қанатына жіберер ем,

Бармайды-ау, біздің жаққа құстың бәрі.

Ернар:

Жанымызды жайнатқан

Өзіңіз ғой аналар.

Зор денсаулық, мол бақыт

Тілейміз біз аналар

Көркем:

Кім сендерді балалар сүйетұғын,

Көрермендермен ойын:Мереке,ана,мектеп сөздерін қосып тілек айту.

1-жүргізуші:

Көйлек киіп әдемі,

Тамсандырам әлемді.

Түрлі-түсті сән көйлек,

Көз тартады не керек – демекші,келесі кезекте сән үлгісін тамашалаңыздар.

Көрерменмен ойын:

1 сынып қыз балаларының тақпақтары.

Хор: «Көктем»

Хор: « Ақ мамам »

Хор: «Қарлығаш»

Хор: «Ақ мамам»

Жүргізуші:

Балаңыздың сыйлығын,

Қабыл алшы анашым.

Ұзақ өмір жүз жасап,

Ауырмашы анашым!

Бәріміздің де анамыз бар, әжеміз, әпкеміз, қарындастарымыз бар.Жылына бір рет келетін осы аналар мейрамында аналарымызға қандай сыйлық жасасақ та жарасымды. Өйткені, бізді өмірге алып келген, бізге әлемнің жарығын сыйлаған – анамыз емес пе? Олай болса, әр баланың өзі дайындаған аналарына сыйлықтары бар екен, соны табыс етсін!

1-жүргізуші: Кімдер жүйрік,өнерпаз,білейікші,

Мектептің аруы деп жүрейікші

Әділқазы алқасына тек әділдікті,

Ал аруларға сәттілік тілейікші.

Қорытынды бағаны әділқазылар алқасы ақылдасып шешеді.

2-жүргізуші:

Сайысымызды қорытындылай келе

Адамдықтың ашқан соң қақпасын кеп

Туған елің сүйсіне мақтасын деп,

Пәк сезіммен тілеймін балаларға

Анасының ақ сүтін ақтасын деп.

Мінеки, жер көгеріп көктем келді

Шығарып сап боранды,өкпек желді

Жаңа көктем әкелсін мол жақсылық,

Өткен сәтті,санаулы өткенге енді.

2-жүргізуші:

    Көктемдегі 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесімен әр шаңырақты,

        нұрын сепкен аналарымыз бен қыз-келіншектерімізді шын жүректен құттықтаймыз. «Қыз ұлттың жаны» демекші, ата-аналардың аяулысы, құрбы-құрдастарыңыздың қадірлісі, даламыздың гүлі, өміріміздің сәні бола беріңіздер! Тағы да, мерекелеріңізбен!

Просмотров: 649

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст