Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Петровка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Петровка отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

13.09.2017

Петровка орта мектебінің Денсаулық күніне орай ұйымдастырылған іс шаралардың қорытынды есебі.

Адам баласына ең қажетті құндылықтардың бірі Ден саулығы. Денсаулық зор байлық. Адам күш –қайраты, бар жақсы қасиеттерді спортпен шұғылдану арқылы жанына серік ете алады. Мектебімізде 9 қыркүйек күні Денсаулық күні мерекесі өте жоғары дәрежеде өтті. Күн тәртібіндегі бағдарлама бойынша іс-шарамыз мектепшілік лездемеден басталды. Мектеп директоры Ищанов Ерлан Муратович сөз алып, оқушыларды талмай спортпен шұғылданып, мектебіміздің, ауданымыздың атын биікке көтеруді тіледі. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Куанышев Жеңіс Өмірсерікұлы 5-7 «А,Б» және 8-11 «А,Б» сыныптар арасында шағын футболдан жарыс ұйымдастырды. Бұл жарысқа оқушылар белсене қатысып өздерінің мықты ойыншылар және салауатты өмір салтын ұстанатынын көрсете алды. Ал директордың ТІЖ орынбасары Шакубаева Дана Сулейменовнаның жетекшілігімен 5-7 «А,Б» және 8-11 «А,Б» сынып оқушылары мен мұғалімдер ұжымы қатысуымен пионербол, волейбол ойыны өткізілді. Бастауыш сыныптар арасында дене тәрбиесі мұғалімі Фальк Н.В. көңілді мәре сайысын ұйымдастырды. «Көңілді мәре» сайысында әр түрлі ойындар жүргізіліп оқушылар белсене ат салысты. Сондай -ақ әділ қазылар алқасының шешімімен «Көңілді мәре» сайысында 1-орынды «Балдәурен тобы» алса, ал 2-ші орынды «Алақай тобы» алды.

Просмотров: 330

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст