Текст
18.01.2026
Жаңа жылдық КВН – көңілді кеш! 🎭
26.12.25 күні 8–10 А, Б сынып оқушылары арасында КВН форматында жаңа жылдық мерекелік іс-шара өтті.
Мереке барысында әр команда өзін таныстырып, өнерлерін ортаға салып, танымал әншілерге пародия жасап, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Оқушылар өздерінің жан-жақты, тапқыр әрі креативті екендерін көрсете білді. Кеш өте қызықты әрі көңілді өтті.
Мектеп әкімшілігі белсенді қатысқан командаларды бағалап, алғыс хаттармен марапаттады.
Барлық оқушыларға және сынып жетекшілеріне шығармашылық табыс тілейміз!
🎉 Алда келе жатқан Жаңа жыл мерекесі құтты болсын!