18.01.2026
Қазақстан Республикасының Президенті атынан ұйымдастырылған жаңа жылдық іс-шаралар еліміздің барлық өңірлерінде өтті. Көкшетауда облыстың басты шыршасы «Bolashaq sarayi» Балалар мен жасөспірімдер сарайында жағылды. Салтанатты мереке 24-25 желтоқсан күндері өтті, мерекеге облыстың қала-аудандарынан шамамен 200 бала шақырылды. Мереке қонақтары қатарында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балалары, сондай-ақ оқу, спорт және мектептің қоғамдық өмірінде жетістікке жеткен дарынды оқушылар болды.
Жаңа жыл қарсаңында балаларды облыс әкімі Марат Ахметжанов құттықтап, жаңажылдық ғажайыпқа тек балалар ғана емес, ересектер де сенетінін атап өтті.
Іс-шараға біздің мектептен 5А сынып оқушысы Шайкемел Аманжол қатысты. Іс-шараны ұйымдастырушыларға алғыс білдіреміз. Ата-ана, оқушы өте қуанышты, ризашылықтарын білдіруде.