18.01.2026
2025 жылдың 23 желтоқсан күні Астана қаласы, №2 «Дарын» облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектеп-лицей-интернатының базасында «Matatalab Smart Sports Competition» робототехника олимпиадасы өтті.
Олимпиадалық команданың құрамы – 2 адам.
Олимпиада қорытындысы бойынша үздік қатысушылар 2026 жылғы 6–10 қаңтар аралығында Қытай Халық Республикасының Уси қаласында өтетін WRC халықаралық олимпиадасына қатысады.
Қатысушылар келесі жас санаттары бойынша бақ сынасты:
* 8–11 жас (кіші жас санаты);
* 12–14 жас (жоғары жас санаты).
Олимпиада қорытындысы нәтижесінде:
ІІ-дәрежелі дипломмен жоғары жас санаты бойынша «Петровка-1» командасы – Астрахан ауданы, Петровка ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 7-сынып оқушылары Шәйкемел Алихан және Гайшунов Денис марапатталды.
Шын жүректен құттықтаймыз!!!