Ақмола облысы білім басқармасы  Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Петровка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Петровка отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Тірек мектеп – магниттік мектеп» жобасының жоспарына сәйкес робототехникаға арналған қызықты кездесу өтті»

18.01.2026

2025 жылғы 19 желтоқсанда КММ «Петровка ауылының жалпы білім беретін мектебі» базасында «Тірек мектеп – магниттік мектеп» жобасының жоспарына сәйкес робототехникаға арналған қызықты кездесу өтті 🤖

Бізге Астраханка ауылының №1 гимназиясының информатика пәні мұғалімі Оспанов Дулат 8 сынып оқушыларымен бірге келді. Балалар робототехника бойынша шеберлік сынып өткізді және тәжірибе алмасты.

Астрахан ауданының оқушылары өз робот жинақтарын әкелді, ал біз өз тарапымыздан Vinci Robot және Creator Kit роботтарын ұсындық. Қатысушылар үш командаға бөлініп, әрқайсысы өз қиялына сай – үлкен немесе кішкентай – робот жасады. Финалда «РобоСумо» жарысы өтті, нәтижесінде жеңімпаздар анықталды 🏆

Екінші кезең Arduino тақырыбына арналды: Петровка мектебінің оқушылары Arduino жинағымен танысып, светодиодтармен жұмыс жасап, информатика мен физика бойынша алған білімдерін біріктірді.

Просмотров: 21


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст