Текст
18.01.2026
2025 жылғы 8–19 желтоқсан аралығында психология апталығы аясында педагог-психолог Секенова Р.О. және кәсіби бағдар беру маманы Сайдаева М.А. келесі іс-шараларды өткізді:
Оқушылармен психология апталығы аясында «Крокодил» ойыны, музыкалық жаттығу өткізілді және оқушылар жоспармен таныстырылды.
Мұғалімдермен «Сыйлық-сюрприз» ойыны ұйымдастырылды.
Оқушылар арасында «Менің неге бақыттымын?» тақырыбында ашық микрофон акциясы өтті.
Мұғалімдерге арналған тимбилдинг «Педагогикалық дүрбелең» өткізілді.
1–4 «А» және «Б» сынып оқушыларына қызықты және көңілді тынығу сәттері ұйымдастырылды.