Ақмола облысы білім басқармасы  Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Петровка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Петровка отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Аудандық семинар: «Жас педагог: кәсіби дамудың заманауи форматы»»

01.01.1970

14 қараша күні Петровка ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде «Жас педагог: кәсіби дамудың заманауи форматы» атты аудандық семинар өтті!

Бұл шара жас мамандардың кәсіби дамуына, тәжірибе алмасуына және жаңа форматтарда білім алмасуына бағытталған маңызды алаң болды.
Семинарға:
— білім бөлімінің басшысы П.Ю.Барахоева,
— "Jas pedagog" Ассоциациясының мүшелері,
— ауданның жас педагогтары қатысты.

Қатысушылар заманауи білім беру үрдістерін талқылап, жасанды интеллектті сабақта қолдану, оқу сауаттылығын дамыту, ұлттық құндылықтарды оқушы бойына сіңірудің жаңа тәсілдері бойынша өзара тәжірибе алмасты. Сондай-ақ практикалық workshop пен кейс-сессияларға белсенді қатысты.

Семинардың қорытынды бөлімінде жас мамандарға сертификаттар табысталып, ұсыныстар қабылданды.
Маңызды сәттердің бірі — «Жас педагог» ассоциациясына қабылдау рәсімі және меморандумға қол қою болды.

Барлық ұйымдастырушыларға, спикерлерге және қатысушыларға белсенділігі мен кәсіби қолдауы үшін алғыс білдіреміз!
Бірге өсеміз, бірге дамимыз! 

 

Просмотров: 2

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст