01.01.1970
2025 жылдың қыркүйек айында мектепте ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналысқа мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілері, пән мұғалімдері және ата-аналар қатысты.
Жиналыстың күн тәртібі бойынша төмендегі мәселелер қарастырылды:
Жиналыстың мақсаты мен күн тәртібімен таныстыру – мектеп директоры Ищанова З.Т. сөз сөйлеп, жиналыстың негізгі мақсаты мен барысын түсіндірді.
Мектеп әкімшілігі мен пән мұғалімдерін таныстыру – директор мектеп ұжымымен қысқаша таныстырып өтті.
Тренинг – педагог-психолог Секенова Р.О. ата-аналарға психологиялық қолдау көрсетуге бағытталған жаттығулар өткізді.
Баяндама оқу – «Адал азамат тәрбиелеудегі жауапты ата-ана, қолдаушы ұстаз және қауіпсіз мектеп» тақырыбында директордың ТІЖ орынбасары Нурдуллаев Е.Г. және Исабаева А.Ж. баяндама жасады.
Кәсіптік бағдар – Сайдаева М.А. балалардың болашақ мамандық таңдауы үшін жаңа мүмкіндіктер туралы ақпарат берді.
Бала қауіпсіздігі – мектеп медбикесі Перимжарова Э. балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне қатысты маңызды мәселелерді түсіндірді.
Алдағы жоспарлар – мектептің алдағы іс-шаралары мен ата-аналардың атқаратын рөлі туралы мәлімет берілді.
Қорытынды:
Жиналыс жоғары деңгейде өтті. Ата-аналар мектеп өміріндегі маңызды бағыттармен танысып, балалардың тәрбиесі мен қауіпсіздігі жөнінде толық ақпарат алды. Сондай-ақ, алдағы жоспарлар талқыланып, ата-аналардың белсенді қатысуының маңызы атап өтілді.