Текст
6"А" сынып оқушысы Алтынбай Ажар Ерланқызы Республикалық "Мың бала" олимпиадасының бірінші және екінші кезеңдерінен үздік нәтиже көрсетіп, 60 мыңға жуық оқушы қатысқан республикалық олимпиаданың Үздік 1000 бала🏆 тізіміне енді. Мектеп атын аудандық, облыстық, республикалық деңгейде асқақтатқаның үшін алғысымызды білдіреміз. Алдағы оқу жылдарында да жақсы нәтижелер күтеміз. Тек сәттілік.👏👏