Текст
ұрметті әріптестер, ата-аналар және оқушылар!
Сіздерді ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл – табиғаттың жаңаруын, ырыс пен ынтымақтың артуын білдіретін ерекше мереке.
Наурыз – бірліктің, татулықтың, мейірім мен жақсылықтың бастауы. Осы жарқын мерекеде шаңырақтарыңызға құт-береке, ырыс-несібе, мол табыс пен баянды бақыт тілейміз! Жанұяларыңыз қуаныш пен шаттыққа толы болсын, әрбір күніңіз сәттілікке, жетістіктерге толы болсын!
Наурыз мейрамы құтты болсын!
Құрметпен, "Петровка ауылының ЖОББМ" КМК ұжымы.
#наурыз2025