Мұғалімдер күніне орай Астрахан аудандық білім бөлімі атынан "Петровка орта мектебі" ММ ұжымы марапатталды. Мараппатау барысында білім бөлімінің әдіскері Атишева Құралай Сембековна өзінің жүрек жарды тілектерін жеткізіп, мектеп ұжымы мен мектеп басшысы Ищанов Ерлан Муратовичке алдағы оқу жылына мол табыстар тіледі. Білім бөліміне мектеп ұжымы атынан алғыс білдіреміз.
Сондай-ақ, 2ші қазан күні Астарахан аудандық білім бөлімі ұйымдастырған "Ұстаздар күнімен" құттықтау іс-шарасында "Петровка орта мектебі" ММ директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Захан Жансая, білім бөлімінің басшысы Шаяхметова Г.Т және білім беру ұйымдары кәсіподағының төрағасы Абдрахаманов Б. Мадақтамасы мен сертификатына ие болды.
Мектеп ұжымы атынан Захан Жансаяға шығармашылық табыс пен мол жеңістер тілейміз! 💐💐💐