Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кезекті Адалдық сағаты қазақтың аса көрнекті ағартушы- педагогы, жазушы этнограф,фольклоршы ғалым, ұлт ұстазы Ыбырай Алтынсаринге арналды. Қазақ даласында білімнің шырағын жаққан Ыбырай Алтынсарин бар ғұмырын қазақ балаларың оқыту жолында өткізген. Сол мақсатпен алғаш рет балаларға арнап мектеп ашып, ана тілімізде оқулық жазған. Ағартушы оқулықты жазудағы мақсатын қазақ христоматиясының алғыс сөзінде : "Бұл кітапта құрастырғанда мен кітаптың орыс-қазақ мектептерінде тәрбиеленіп үрген қащақ балаларына оқу кітабы бола алу жағын,сонымен қатар,жалпы халықтың оқуына жарайтын кітап бола алу жағын көздедім."Деп тұжарамдаған.Қазақ жастары арасында білім беруді дамытудың маңыздылығын Алтынсарин өзінің баска да көптеген шығармаларында сипаттаған.Ұлт ұстазы біздің тарихымызда өшпес із қалдырды.Оның арманы -халықтың гүлденген болашағына нық сеніммен қарайтын білімді жастар болады.